Дәрігерді пікір жазушылар да қолдап, өз мысалдарын келтіріп жатыр
Гинеколог-репродуктолог Перизат Байқошқарова эко әдісіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлемде эко әдісі 1978 жылдан бері жасалып жатыр, содан бері 46 жыл өтті. Осы 50 жылға жуық уақытта дүниежүзі бойынша бұл әдіспен 8 миллион бала дүниеге келген. Егер сол 8 миллион адамның ұрпағы болмай қалса, бұл ақпарат мәлім болатын еді, - дейді ол.
Оның айтуынша, эко әдісі бойынша 1978 жылы дүниеге келген ең алғашқы бала Луиза Браун кейін өзі де бірнеше рет бала туған. Қазақстанда осы әдіспен дүниеге келгендер балалалы болып жатыр.
Дәрігерді пікір жазушылар да қолдап, өз мысалдарын келтіріп жатыр.
«Менің жеңгем экомен босанды, қазір немересі бар», «Мені де ата-анам экомен туған екен, қазір өзімде егізім бар», – деп жазғандар бар.