Артериалдық гипертония – кең таралған және ауыр асқынуларға алып келетін бірден бір қауіпті ауру
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық ауруханасында Артериалды гипертензияның алдын алу бойынша түсіндірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері М.Жолымбетова Артериалды гипертензияның алдын алу бойынша емханаға келген қаралушыларға сабақ өткізді. Семинарда ауруханаға келген емделушілерге артериалдық гипертензия мен инсультты емдеу және алдын алу мәселелері айтылды.
«Жалпы Артериалдық гипертония – кең таралған және ауыр асқынуларға алып келетін бірден бір қауіпті ауру. Ол инсульт, миокард инфаркт, жүрек жетіспеушілігі мен бүйрек қызметінің бұзылуын, атеросклероз және ишемиялық жүрек ауруларының дамуын тездетеді. Артериялық гипертонияның алдын алу ережелері бар, оларды қатаң ұстану керек. Оның ішінде, әр адам өзінің қан қысымын бақылап, дұрыс тамақтану ережелерін сақтауы тиіс. Сонымен қатар, ас тұзын тұтынуды шектеп, темекі шегуден және алкогольден бас тартыңыз. Өзіңіздің қозғалыс белсенділігіңізді арттырып, міндетті түрде өз денеңіздің салмағын бақылаңыз. Одан бөлек, ұйқы және демалыс режимін сақтап, стресстік жағдайларға дұрыс қарауды үйреніңіз»,- дейді дәрігер.
Айта кетсек, артериалдық гипертензия немесе гипертония, гипертониялық ауру, жоғарғы қан қысымы – артериялық қан қысымының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде көтерілуімен сипатталатын медициналық жағдай. Жоғары қан қысым кезінде көп жағдайда симптомдар байқалмайды. Алайда, АҚ-ның ұзақ мезгілде тұрақты түрде көтерілуі тәждік артерия ауруы, инсульт, жүрек жетіспеушілігі, жүрекшелер фибрилляциясы, перифериялық тамырлық ауру, соқырлық, бүйректің созылмалы ауруы және деменцияның пайда болу қауіпін жоғарылатыды.