Мас күйде ұсталған Қостанайдың бас имамы 15 тәулікке қамалды: ҚМДБ үнсіз отыр

Qaz365.kz редакциясы

Ол 23 шілдеден бері қамауда отыр

Фото: muftyat.kz

Қостанай қаласының бас имамы Бақытбек Тәжімбет сот қаулысында жазылғандай «алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндегені үшін» 15 тәулікке қамалды. Сонымен бірге сот оны 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Имамның мас күйде ұсталғаны жөнінде әуелі күні кеше әлеуметтік желіде ақпарат тарап кетті. Желі қолданушылары сот қаулысының скриншоттарын таратып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан түсінік беруді талап еткен. Басқарма әлі үнсіз. Еш түсініктеме берген жоқ.

Сот қаулысына сәйкес, Бақытбек Тәжімбет Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінің маңында масаң күйде Toyota Highlander көлігін айдап бара жатқанда ұсталған. Ол 23 шілдеден бері қамауда отыр. 

Сот барысында имам «қымыз іштім» деп ақталған. Бірақ медициналық куәландыруға апарған кезде ол «сыра іштім» деп жауап берген. Сот оның жазасын жеңілдететін мән-жайды таппай, жеті тәулікке қамауға алды.