Вирус ылғалды ортада тез таралады
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық ауруханасында Адам папиллома вирусының қауіпі жөнінде медицина қызметкерлеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазығұрт аудандық ауруханасында аға дәрігер м.а Ш.Тезекбаева өткізген семинар кеңес барысында АПВ – бұл әртүрлі мүшелердің терісі мен шырышты қабығын жұқтыратын вирусы екендігі айтылды. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың пайда болуына әкелетіндігі түсіндірілді.
«АПВ-нің 16 түрі жоғары онкогендік қауіп түрлері ретінде белгілі, шырышты қабық арқылы таралады және жатыр мойны обыры мен басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Бүкіл әлемде АПВ - ең көп таралған инфекция. Әр адамның АПВ жұқтыру ықтималдығы 80% құрайды, яғни 10 ерлер мен әйелдердің шамамен 8-і өмірінің белгілі бір кезеңінде вирустың бір немесе бірнеше түрін жұқтырады. АПВ инфекциясының ең жоғары таралу деңгейі 25-35 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерде байқалады. Жоғары онкогендік қауіпті АПВ инфекциясы ол жұқтыратын жасушаларда өзгерістер тудыруы мүмкін және қатерлі ісік тудыруы мүмкін. АПВ-на жиі әсер ететін анатомиялық аймақ жатыр мойны болғандықтан, осы органның онкологиялық аурулары біздің әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. АПВ жұқтырған адамнан вирус жұқтырған терімен, шырышты қабаттарымен немесе дене сұйықтықтарымен тікелей байланыс арқылы беріледі. Адамнан адамға АПВ вирусы келесі жолдармен беріледі», – деді Ш.Тезекбаева.
Айта кетсек, вирус тұрмыстық байланыс кезінде, яғни қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға - сауналарға, моншаларға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек.