Офтальмолог: Лазерлік коррекция шыққалы көру қабілеті нашар адамдарда мүмкіндік пайда болды

Qaz365.kz редакциясы

Көз ауруларын қалай алдын алса болады?

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі заманның адамдары көз ауруына жиі шалдығантын болған. Оған бірнеше себеп бар. Осы орайда Qaz365.kz тілшісі түркістандық офтальмолог-дәрігер Думан Алдажановпен сұхбаттасып, көз ауруы мен оны емдеу тәсілдері туралы сұрап-білді. 

– Глаукома деген ауру тұқым қуалай ма?

Су қараңғылықтың екінші түрінде адам ауруды ерте сезінеді. Көзі ауырып, басы айналып, құсқысы келеді. Басы қатты ауруы мүмкін. Ауру ерте білінетін болған соң, су қараңғылықтың бұл түрін уақытында емдеуге болады. Тағы бір қорқыныштысы, глаукома тұқым қуалайды. Мәселен, анасынан баласына беріледі. Сондықтан біз анамнез жинаған кезде ата-анасында көз аурулары болды ма, бәрін сұраймыз. 50 пайызында бұл ауру сол тегінен берілген болып шығады.

– Көз ауруынан емделу жолы бар ма?

Көзге ота жасау қазір баяғыдай емес, жеңілдеді. Технология дамыды. Бұрын мысалы катарактаны алуға 1 сағаттан астам уақыт кететін болса, оны кесіп, жіппен тігетін болған. Қазір ондай жоқ: аппаратпен тігіссіз операция жасауға болады. Тіпті науқастың жағдайы жақсы болса, сол күні-ақ үйіне қайта алады. 

– Қазіргі кезде көзді емдету оталары қанша теңге тұрады?

Одан бөлек, бұрын адамдар арасында қалың көзәйнек, лупа киетіндерді көруші едік қой. Қазір лазерлік коррекция шыққалы тіпті -10 деген көру қабілеті нашарлар көзілдірігін шешіп жүре алатын жағдайға жетті. Бағасы ота түріне қарай әр түрлі, орташа алғанда мысалы катаракта 200 мың теңгедей болады. /қарапайым линза/ Бірақ линзаның сапасына қарай, ота бағасы қымбаттай береді. Лазерлік коррекция да жобамен бір көз 200 мың, екі көз 400 мыңдай болады.

– Адамның көру қабілеті қалай жұмыс істейді? Неге уақыт өткен сайын нашарлап кетеді? 

Қызық дерек айтайын, кез келген бала дүниеге +3-3,5 деген көру қабілетімен келеді. Бала өскен сайын, оның көлемі +3-тен +2-2,5-ке төмендейді, тек 7 жас, яғни, мектеп жасына келгенде ғана адамның көру қабілеті 0-ге тұрақтайды. Ал егер тоқталмай, әрі қарай өсетін болса, керісінше көру қабілеті минусқа кетеді, яғни, көру нашарлайды деген сөз.

– Көз ауруына шалдықпас үшін не істеуіміз қажет? Қандай кеңес бересіз?

Негізі көз неғұрлым жақын  қашықтыққа қараған сайын соғұрлым қатты қиналады. Алысқа қарағаннан көз демалады. Одан бөлек экраннан түсетін ультра-күлгін сәулелер де зиян келтіреді. Сол үшін біз 45/15 қағидасын ұстануымыз шарт. Яғни, бір сағаттың 45 минутын жұмыс істесек, 15 минут компьютер алдынан тұрып, алыстағы ағашқа, гүлге, әдемі гүлге, тауға қарау керек, солай көзді демалдырмасақ, онда көзімізді уақытынан бұрын шаршатып аламыз.

– Әңгімеңізге рахмет, көп пайдалы мәлімет бердіңіз!