Илья Ильин алдына қойған мақсатын айтты
Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин қазақ тілін үйренудің екінші кезеңін бастағанын айтты. Олимпиада өтіп жатқан уақытта ол әлемдік додаға қатыспаса да, өзіне тіл үйреніп назар аудартты.
Ол бұл жайлы видеоны Тик-ток парақшасына бөлісті.
«Ассалаумағалейкүм, құрметті достар! Барлықтарыңызға жақсы апта тілеймін! Көңіл-күй қалай? Менде бәрі жақсы. Мен осы аптада мақсат қойдым. Сіздер мақсаттарыңызды қойдыңыздар ма? Айтыңыздаршы. Мен өте қуанышты боламын. Тағы бір рет сіздерге жақсы апта тілеймін», - дейді ол.
Илья Ильин күніне төрт сағат кітап оқып, «Чемпион» деген кітапты оқуды жалғастыратынын, бес жаттығу өткізіп, салмағын 95 келіде сақтау мақсатын көздеп отыр.