Артериялық гипертензия дамуының қаупі факторлары қандай - дәрігер кеңесі

Qaz365.kz редакциясы

Жүрек-қан тамырлары мен цереброваскулярлық патологияның дамуындағы қауіпті фактор – артериялық гипертензия

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Артериалдық гипертензияның алдын алу» тақырыбы бойынша емханаға келген қаралушыларға семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Бадам БМСК жалпы тәжрибелі дәрігері О.Жамбыл ауруларды басқару бағдарламасы бойынша «Артериалдық гипертензияның алдын алу» тақырыбы бойынша емханаға келген қаралушыларға семинар өткізді. Семинар барысында жүрек-қан тамырлары мен цереброваскулярлық патологияның дамуындағы ең қауіпті факторлардың бірі – артериялық гипертензия екендігін мәлімдеді. 

«Бақыланбайтын дамып кеткен артериялық гипертензия көбінесе сал ауруы мен парезі бар жедел цереброваскулярлық бұзылулар сияқты ауыр асқынуларға алып келеді. Сондықтан артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамырлары патологиясының алдын алу денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. АГ-ның алдын алу физикалық және қозғалыс жүктемесінің ұлғаюын, темекі мен алкогольден бас тартуды, ас тұзын тұтынудың тәуліктік мөлшерін шектеуді, дұрыс тамақтануды көздейді. Сондай-ақ өзінің салмағын бақылау және дене салмағының артуына жол бермеу, ұйықтау және сергіту режимін сақтау қажет. Әр адамның түнгі ұйқысы 8-9 сағатты құрауы тиіс, ал күндізгі ұйқы түнгі ұйқыны толық көлемде алмастыра алмайды. Артериялық қысым жоғарылау кезінде науқаста бастың желке тұсында ауырсыну, эмоционалдық қиналған кезде, бас айналуы, көз алды қарауытуы, ұйқысы бұзылуы, мазасыздану, көру нашарлауы және үрек тұсында ауырсыну пайда болады. Артериялық гипертензияны анықтау ашқарында қандағы глюкозаны анықтау және холестерин, ТГ, креатинин, несеп қышқылы, калийді зертеу керек», – дейді дәрігер.