Түркістан облысында АПВ-ге қарсы вакцинация мәселесі талқыланды

Qaz365.kz редакциясы

Вакцинация үшін АҚШ-та жасалған төрт валентті “Гардасил” препараты қолданылады

Фото: ашық дереккөзден

Сайрам аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Шахноза Мадалиева және Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары бірлесе отырып, адам папиллома вирусына қарсы вакцинациясы бойынша емдеу сауықтыру мекемесінің медицина қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Адам папиллома вирусы (АПВ-ге) қарсы вакцинация Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген және папилломавирустық инфекцияның және АПВ-мен байланысты аурулардың, оның ішінде жатыр мойны обырының алдын алудың бірден-бір тиімді баламасыз әдісі болып саналады. 

Еліміздегі 11-14 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау осы жылдың қыркүйек айында басталады. Қыздар кәмелеттік жасқа толмағандықтан ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен егіледі.

Вакцинация үшін АҚШ-та жасалған төрт валентті “Гардасил” препараты қолданылады, оның құрамында 6, 11, 16 және 18 типті АПВ қорғанысы бар. Препарат екі дозадан тұрады, олар 6 ай аралығымен енгізіледі.

Айта кетейік, вакцинациялау дәрігердің қарауынан кейін, қарсы көрсетілімдер болмаған кезде және ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен тегін жүргізіледі.