«Медициналық аппараттар қажет»: Ленгір қалалық аурухана басшысы өзекті проблемаларды атады

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі таңда Ленгір қаласындағы ауруханаға 212 адамға арналған

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Ленгір қалалық ауруханасының басшысы Елдос Сұлтанов жергілікті аурухананың жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі таңда Ленгір қаласындағы ауруханаға 212 адамға арналған.

«Леңгір қалалық ауруханасы қала халқына медициналық қызмет көрсетеді. Негізі ауданда жалпы 120 мың халық болса, соның 80 мың халқы аудандық Көксеректегі ауруханаға қарайды. Қалған 40 мыңы болса, осы Леңгір қалалық ауруханаға және қалалық емханаға қарайды. Тек жергілікті тұрғындарға емес, ауруханаға жедел түскен науқастарға, порталмен арқылы келген жандарға да қызмет көрсетеміз. Өйткені, демалыс аймағы бізге жақын болғандықтан, жедел қандай медициналық көмек қажет болса, соның бәрін көрсетуге әзірміз», – дейді Елдос Сұлтанов Kemel kz ютуб-арнасына берген сұқбатында.

Аурухана негізі «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы бойынша салынған. 2014 жылы желтоқсан айында берілген. 2015 жылдың қаңтар айынан бері толықтай қызмет атқарып келе жатыр. 

«Өзім 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет атқарудамын. Аурухана негізі 213 төсекпен жабдықталған. Онымен қоса, терапия, хирургия, ота бөлімі, реанимация, перзентхана, балалар бөлімі, жұқпалы аурулар, гинекология барлық бөлімшелер бар. Мамандармен толық қамтылған. Қазіргі таңда бізде 38 дәрігер жұмыс істейді. Соның ішінде жоғары категориясы бар дәрігерлер саны-12. Қалғандары 1 және 2 санатты дәрігерлер», – дейді бас дәрігер.

Аурухана басшысының айтуынша, мамандар тапшылығы жоқ болғанымен, құрылғы жағынан ақсап тұр.

«Қазіргі кезде мамандар тапшылығы жоқ. Түскен науқастарға толыққанды медициналық қызмет көрсетіліп жатыр. Ауруханаға биыл 10 жыл толды. Аурухана қанша дегенмен жаңа болса да, тағы да жөндеу жұмыстарын талап етіп тұр. Одан бөлек, ауруханаға жаңа құрылғы, аппаратуралар керек. Біз оны кеше денсаулық сақтау басқармасына, жергілікті және облыс әкімшілікке жазып бердік. Жасыратыны жоқ, негізінде ауруханаға 10 жыл көлемінде көп құрылғы алынбаған», – дейді Елдос Сұлтанов.