Қауын-қарбыз жейтін кезде қауіпті – дәрігерлер аппендициттен сақтануға шақырды

Qaz365.kz редакциясы

Ерлер мен әйелдердегі белгілер әртүрлі болуы ықтимал

Фото: stolichki.ru

Биыл Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында барлығы 81 науқасқа, ал Түркістан қалалық орталық ауруханасында барлығы 4 науқасқа күрделі ота жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан қалалық балалар ауруханасының хирургі Бекзат Орынбасарұлының сөзінше аппендицит шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жедел хирургиялық патология. 

«Қазіргі таңда мезгілдік ауруға байланысты ауруханада аппендицит диагнозымен және аппендицит диагнозының асқынуымен келіп жатқан жағдай жиі кездесуде. Сол себепті ата-аналар назарына видео үндеу жолдауды жөн көрдік. Жалпы балаларыңыз қазіргі таңда үйде қауын-қарбыз жейді. Үйде іші өтіп жатады. Сондай жағдайда баланы өз беттеріңізбен емдемеуге шақырамын. Тек ауруханада немесе жергілікті емханаларда балалар хирургына міндетті түрде қаратқандарыңыз абзал. Егер балаларыңызда қандайда бір іштің ауырсынуы, жүректің айнуы, іштің өтуі секілді клиникалық белгілер байқасаңыздар үйде өз беттеріңізбен емдемеңіздер. Көбіне ата-аналар балаларын өз бетімен емдеп, асқындырып аппендицит жарылып кетіп ол үлкен отаға ұласып кетіп жатқан жағдайлар бар. Сол себепті балаларыңызды өз беттеріңізбен емдемеңіздер. Тек маманға жүгінуге шақырамын», – деді дәрігер.

Айта кетсек, аппендицитке жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі немесе толық болмауы, іш қату немесе диарея, метеоризм, іштің ауырып кебуі, дене қызуы, қалтырау, интоксикация белгілері, үлкен дәретке барғысы келу себептері негіз болады. Алайда мұндай белгілер аппендициттің 50%-інде ғана қалыптасады. Кейбір науқастарда симптомдар бәсеңдеу байқалуы немесе ауырсыну мүлдем болмауы мүмкін. Сонымен қатар ерлер мен әйелдердегі белгілер әртүрлі болуы ықтимал.