Су жаңа Lexus, үш бөлмелі үй, қомақты сыйақы – Елдос Сметовты нендей сыйлықтар күтіп тұр

Qaz365.kz редакциясы

Олимпиада чемпионына қандай сыйлық берілгелі жатыр?

Скриншот / Сали Сабиров

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті туған өңірі – Жамбыл облысында сән-салтанатпен күтіп алғалы жатыр. Qaz365.kz тілшісі дзюдодан Олимпиада чемпионына қандай сыйлық берілгелі жатқанын білді.

Бүгін Елдос Сметовті күтіп алу рәсімі өтеді.

5-ші тамызда Тараз қаласының орталық стадионында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты салтанатты күтіп алу рәсімі өтеді. Қарсы алу шарасы 5-ші тамыз күні Тараз қаласының шығыс аркасынан бастау алады, содан кейін Жамбыл даңғылы, Ыбырайым Сүлейменов көшелерінде төрт жылдықтың басты додасында топ жарған Жамбылдық жампозды ұлықтау мақсатында шеру ұйымдастырылады. Бұдан соң Орталық стадионда өтетін салтанатты шара барысында «Алашұлы» тобы,  АДАМ, Тұрар, Kalifarniya, және Ернар Айдар секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Іс-шараның негізгі бөлігі 5-ші тамыз күні сағат 18:00-де Орталық стадионда басталады. 

Елдос Сметов пен оның бапкеріне қымбат көлік беріледі. Атап айтқанда, дзюдошыға Lexus LX 600 жаңа түрі, ал оның бапкеріне жаңа Hyundai Santa Fe күтіп тұр. Одан бөлек, Сметовке 2,6 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

Дзюдошыға 15-ші ауданнан үш бөлмелі пәтердің кілті беріледі деген ақпарат бар.