Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты біраз уақытқа жабылады

Qaz365.kz редакциясы

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері қойылады

Фото: Алматы әкімдігі

Сәтбаев көшесінің аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

7 тамыз сағат 23:00-ден 9 тамыз сағат 11:00-ге дейін Масанчи көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.

Бұл аумақты шығыс бағытта Масанчи көшесі және Абай даңғылы, ал батыс бағытта Желтоқсан көшесі мен Тимирязев көшесі арқылы айналып өтуге болады. 

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлаған ұсынылады.

Айта кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.