Биыл Түркістанда «Бауыр трансплантациясы» отасын енгізу жоспарланып отыр

Qaz365.kz редакциясы

Облыс тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілуде

Фото: freepik.com

 

Брифингте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды медико-демографиялық көрсеткіштертуралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Облыс тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілуде. Облыстық клиникалық ауруханасының кардиология-аритмология бөлімшесінде 10 науқасқа, қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде 18 науқасқа, нейрохирургия бөлімшесінде 43 науқасқа, урология бөлімшесінде 6 науқасқа, ортопедия бөлімшесінде 4 науқасқа,  барлығы 81 науқасқа күрделі ота жасалынды.Түркістан қалалық орталық ауруханасында интервенционды кардиология бөлімшесінде 1 науқасқа, урология бөлімшесінде 3науқасқа, барлығы 4 науқасқа күрделі ота жасалынды.Түркістан облысында 3 бүйрек трансплантациясы жасалынды, асқыну жоқ. Барлық трансплантация – туыстық трансплантация. Биылға жоспарда Сызғанов ҰҒХО басқарма төрағасының жетекшілігімен «Бауыр трансплантациясы» отасын  енгізу», - дейді Бауыржан Сатыбалды. 

- Ана өлім-жітімі 100 мың тірі туылғандарға шаққанда – 8,0 (2023 жылдың алты айында 7,4) құрап,  8,1 %-ға жоғарылады;  

-​ Нәресте өлім көрсеткіші  1000 тірі туылғандарға шаққанда – 7,3 (2023 жылдың алты айында – 7,3)  бір  деңгейде;

- Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда  43,7 (2023 жылдың алты айында – 47,9) құрап, 8,8%-ға төмендеді, аурушаңдық көрсеткіші 818,9 (2023 жылдың алты айында – 829,4) құрап, 1,3%-ға төмендеді;

-​ Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда  14,3 (2023 жылдың алты айында – 21,6) құрап, 33,8%-ға төмендесе,  аурушаңдық көрсеткіші 52,0 (2023 жылдың алты айында  – 48,8) құрап, 6,6%-ға жоғарылады;

-​ Туберкулезден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда  0,09 (2023 жылдың алты айында  –0,23) құрап, 60,9%-ға төмендесе,  аурушаңдық көрсеткіші 15,2 (2023 жылдың алты айында  – 12,3) құрап, 23,6%-ға жоғарылады.