«Қызымыздың енді отбасылық өмірге де көңіл бөлгенін қалаймыз»: Назым Қызайбайдың ата-анасы әсерін бөлісті

Qaz365.kz редакциясы

Алматыда спортшының ата-анасына қызына жанкүйерлік танытты

Видеодан скриншоттар

Бүгін Париж Олимпиадасында бокстан әйелдер арасында 50 келіге дейін салмақта бақ сынаған Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды. Отандасымыз жартылай финалда қытайлық қарсыласына есе жіберді. Алматыда спортшының ата-анасына қызына жанкүйерлік танытты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жекпе-жектен кейін тілшілер Париж Олимпиадасының қола жүлдегерінің ата-анасын сөзге тартқа болатын.

«Алтын алады деп ойлап едік. Болмады. Қытайлық боксшы да осал емес. Осығанда шүкір. Қызыма қола медаль бұйырды. Қызым елге аман-есен оралсын», - дейді әкесі Абай Қызайбай.

Ата-анасы енді қызының спорттан бөлек, отбасылық өмірге көңіл бөлгенін қалайды. Сондықтан алдағы карьерасына қатысты ештеңе айта алмаймыз, деп отыр.

«Өзінің тағы армандары бар. Келгеннен кейін көреді. Жасы 30-дан асты. Отбасы құрғаны дұрыс», - дейді әкесі.

Анасы Кәмшат қызының алғашқы айналымдарда жарыстан шығып қалмай, жүлдеге іліккеніне қуанышты екенін айтты.

«Назымның арманы – Олимпиадаға бару еді. Сол мақсатына жетті. Жүлдегер атанып жатыр, қуаныштымыз. Қолаға қол жеткізді. Бұл да үлкен еңбек. Үлкен спорт додасында ел намысын барын салып қорғады», – дейді Назымның анасы Кәмшат Ахетқызы.