Қытайлық робот еліміздің барлық өнірін аралап шығады
Түркістан облысында дәрігерлер робот арқылы науқас миының түпкі бөлігін емдеп, кеуде тұсына кардио-стимулятор қойып береді. Мұндай ота Түркістан облысында алғаш рет жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Робот алдығы екі апта бойы Түркістан облысында қолданылады деп күтілуде. Бүгінде Облыстық клиниканың дәрігерлері жасанды интеллект арқылы үш күрделі ота жасап үлгерген. Алдағы уақытта осы роботты қажет ететін науқастарға ота жасау жұмыстары жалғасады. Қытай елінен әкелінген бұл робот 0,5 милиметр дәлдікпен түседі. Яғни ағзаның ең терең, қол жетуі қиын тұстарын 100 пайыз анықтап, діттеген тұста емдеу шараларын жүргізеді. Дәрігерлердің айтуынша бұл уақытты үнемдеп, отаға дәлдік беріп, әрі қауіпсіз өтуін қадағалайды. Одан бөлек мидың сау бөліктеріне зиян келтіруден сақтайды. Қазіргі таңда бұл әдіс Орталық Азия елдерінің арасында тек Қазақстанда қолданылуда. Сондықтан ота барысын Өзбекстан елінен келген Ннейрохирургтар да бақылады. Олар ота тәсілін тәжірбие жүзінде іске асырып, өз елдерінде де қолдануды жоспарлап отыр.
Нейроорталықтың басшысы Асқар Бахтияровтың сөзінше миға ота жасау ең нәзік ота түрі саналады. Оған арнайы навигация жүйесі мен жоспарлау станциясы керек. Ал роботта екі қондырғының қызметі үйлестірілген. Жасанды интелекттің өзінде навигациясымен жоспарлау станциясы да қарастырылған.
Айта кетейік, қытайлық робот еліміздің барлық өнірін аралап шығады. Робот операция уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Дәлдік және тиімділікпен жүзге жуық операция түрін жасауға бағытталған. Арнайы отаны жоспарлау функциясы, нейрохирургияның әртүрлі кескіндерді өңдеу және хирургиялық жоспарлау қажеттіліктерін орындайды. Сондай-ақ новигация элементтері бар.