Назым Қызайбайдың үйінің алдындағы жол жөнделіп жатыр ма – желіде әзіл ретінде түсірілген видео тарауда

Qaz365.kz редакциясы

Желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп жатыр

Видеодан скриншот / Сали Сабиров

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тұратын көшеге асфальт төселгеннен кейін желіде әртүрлі әзіл видеолар тарап жатыр. Солардың бірі кеше қола медаль иеленген боксшы Назым Қызайбайдың үйінің ауласына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығы туралы, деп жазды Qaz365.kz.

Видеоны Caspian News телеарнасының қосымша парақшасы жариялаған.

Мұны көрген желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп жатыр.

«Жақсы-ақ! Бірақ асфальтты тек қана Назымның, Сметовтің үйінің алдына емес, бүкіл Қазақстанның аймақтарында да салу керек. Сосын тесіктерді жамамай, дұрыстап сапалы төсемей ме?!», «Чемпион болмасаң асфальт төселмейді деген сөз ғой», «Не істейміз? Ауыл болып Олимпиадаға қатысамыз ба?», «Олимпияда қатысу керек еді» деп жазды интернет қолданушылары.