Қала әкімі марқұмның туыстары мен жақындарына қолдау білдірді
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ерден Рашидұлы ұзақ жыл бойы мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, керемет басшы, жақсы ұйымдастырушы әрі жоғары деңгейдегі кәсіби маман болды. Оны әріптестері қарапайымдылығы, іскерлік қасиеті және адамгершілігі үшін жоғары бағалады. Ол спорттың дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Біз үшін бұл орны толмас қаза, марқұмның жарқын бейнесі әрдайым жүрегімізде сақталады», – деді Ерболат Досаев.
Қала басшысы Ерден Хайруллиннің отбасына, туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, шын жүректен қайғырып, көңіл айтты.
Еске салайық, Париж Олимпиадасында Алматының спорттық делегациясын бастап барған Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын.