Түркістан облысының бас дәрігері үшемдердің шаңырағына құттықтап барды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл облыстағы биылдыққа туған жетінші үшем

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы облысымыздын демографиялық өсіуіне өз үлесін қосқан, дүниеге үшемді әкелген Роза Арипбаеваны арнайы құттықтап, шаңырағына барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бақыт құшағындағы отбасына табан тіреген облыстың бас дәрігері жаңа туылған нәрестелерге жүректен шыққан ақ тілегін жаудырып, сый-сияпаттар тарту етті.

«Облысымыздың демографиясына елеулі үлес қосып, аман-есен үшемдерді дүниеге әкеліп, өсіріп жатырған сіздерге алғыс айтамыз. Бөбектеріңіз денсаулықтары мықты боп, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын үлкен азаматтар болсын. Биіктерден көрінулеріне тілектеспіз. Сіздерді жақсы жетістіктерімен қуанта бергей!», – деді Асхан Мархабайұлы.

Айта кетейік, бұл облысымызда биылдыққа туған жетінші үшем. Түркістан облысы республика бойынша туу көрсеткішінен көш бастап тұр.

Еске салайық, Түркістан облысындағы Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты. 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылған. Жалпы жыл басынан бері дүние есігін ашқан үшемдер саны 7-еуге жеткен. Ал осы мерзім аралығында 311 егіз сәби туылған. Сонымен қатар, 6 ай ішінде 25045 нәресте дүниеге келген. Бұл – аяулы аналардың рухани астананың демографиялық дамуына қосқан үлесі.

Перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемдер алғашқы күндері жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде бақылауда болған.