Димаш Құдайбергеннің ата-анасы боксшы Нұрбек Оралбайға құндыз тон кигізді

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желіде видео тарады

Видеодан скриншот

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған боксшы Нұрбек Оралбайға Димаш Құдайбергеннің ата-анасы құрмет көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар Париж Олимпиадасынының бокстан күміс медаль иегері Нұрбек Оралбайға құндыз тонды сыйға тартқан видео тарады.

«Мына құндыз тон арнайы саған атаң жасатып алды. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз», - деді Қанат Айтбаев.