Қытай көліктердің негізгі төрт кемшілігі неде – сарапшы пікірі

Qaz365.kz редакциясы

Кейінгі жылдардағы дамуға қарамастан, көптеген қытайлық брендтер көлік жасағанда арзан материалдар қолданады

Фото: Qaz365.kz

Ресейлік және қытайлық RusTransChina көлік компаниясының негізін қалаушы Александр Стрельников Қытайда жасалған көліктердің негізгі 4 кемшілігін атады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі m.lenta.ru сілтеме жасай отырып.

Сарапшының айтуынша, бірінші кемшілік – көлікті құрастырудағы проблемалар. Кейінгі жылдардағы дамуға қарамастан, көптеген қытайлық брендтер көлік жасағанда арзан материалдар қолданады. Бұл көліктің беріктігіне және сапасына әсер етуі мүмкін.

Екінші кемшілік – көліктің бояуы мен коррозияға қарсы өңдеудегі сапасыз жұмыс. Бұл көлікте тоттың ерте пайда болуына әкелуі мүмкін, бұл әсіресе суық климаты бар аймақтарға қатысты.

Үшіншіден, қытайлық брендтердің көбі нарықта салыстырмалы түрде енді пайда болды, сондықтан түпнұсқадағы көлік бөлшектерін таңдау әзірге шектеулі. Осыған байланысты олар қымбат болып, жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуі қиындай түседі.

Сарапшының пікірінше, төртінші кемшілік – электронды жүйелер мен жүргізушіге көмектесетін құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі. Өйткені олардың жұмысы әрдайым мінсіз бола бермейді, яғни электроника қате жұмыс істеп, басқару ыңғайсыз болады.

Дегенмен Александр Стрельниковтың айтуынша, Қытайда жасалған автомобильдердің көптеген кемшін тұстарын жақсартуға әбден болады, ал компаниялар көліктерін барынша тез жетілдіріп келеді.