1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 506,9 мың бірлікті құрады
2024 жылғы маусымда 132,8 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% кеміді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 506,9 мың бірлікті құрады.
Оның ішінде:
«Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6%, 7–10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автокөлік құралдарының тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды», - делінген хабарламада.
Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 168,8 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,9 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 154 мың бірлік.