Павлодар облысындағы ірі өрт

Qaz365.kz редакциясы

 Екі күнге созылған өрттен 93 гектар аумақ жанып кетті

Egemen.kz

Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылының маңында екі күнге созылған ірі өрт ауыздықталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, ауыл маңында құрғақ шөп, қамыс, қысқыға дайындаған шөп жанған.

“Өрт туралы хабар 9 қазан күні сағат 10:27-де келіп түсті. Өртті сөндіруге департаменттің, жергілікті атқарушы органдардың, Павлодар орман шаруашылығының, еріктілердің күштері жұмылдырылуда. Орман мен ауылға қауіп төніп тұрған жоқ”, – деп хабарлаған болатын Төтенше жағдайлар департаменті.


Май аудандық әкімдігі шабындықтың екі күн тұтанғанын мәлім етті. Өрт 9 қазан күні сағат 16:30-да ауыздықталған.
 

“Өкінішке қарай, ауданымызға қарасты Баскөл ауылдық округінің шабындық жерлері қазан айының 8, 9 күндері қою түтінге бөкті. Салдарынан қаулаған өрттен 4 ошақта 93 гектар аумақ жанды”, – деді Баскөл округі әкімдігі.


Өрт сөндіруге Баскөл, Кеңтүбек, Көктөбе ауылы тұрғындары біріге әрекет еткен.
 

“Әйелдер қауымы ыстық тамақ пен шай әзірлеп, өрт ортасында жүрген азаматтарға жолдап отырды”, – деді әкімдікте.


Аудан әкімдігі барлық өрт сөндірушілерге, ауыл тұрғындарына алғыс білдірді.