Мақтаарал ауданында 135 бала сүндетке отырғызылды

Qaz365.kz редакциясы

Аурухана әкімшілігі ата-аналарға ескерту жасады

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Атакентте ашық есік күніне орай 135 бала сүндетке отырғызылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған іс-шара «Атакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының мемлекеттік комуналдық касіпорының бас дәрігері Әлібек Жүзеновтің ұйымдастырылды. Аудандағы білікті хирург дәрігерлер қатысты. Олар жалпы саны 135 баланы сүндетке отырғызды. Сүндеттелген балалардың ата-аналары ризашылылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Аурухана басшысы осындай игі іс-шаралар жыл сайын жалғасатынын мәлімдеді.

Осы ретте аурухана әкімшілігі ата-аналарға ескерту жасады.

«Көп ата-ана сұндеттелгеннен кейінгі жазылу ол кескенге байланысты деп ойлайды. Лазермен кесті ме,пышақпен кесті ме маңызды емес. Ол көбіне мүшенің басының ашық не жабық болуына байланысты. Егер мүшенің басы ашық болса, ол немен кессе де 5-7 күнде жазылып кетеді. Егер мүшенің басы жабық болған болса, фимоз, алдында қабыну болса, ондай жағдайда жазылу процессі 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Себебі ол жерде қабыну болады. Егер баланың мүшесі жабық болса, бірден екі апта жазылу процессі жүретініне ата-ана дайын болуы керек. Қандай әдіспен сүндеттелсе де балаларға екі аптаға дейін күтім жасау қажет», – делінген аурухана әкімшілігінің хабарламасында.