Сарыағаш ауданы салауатты өмір салтын насихаттайды

Qaz365.kz редакциясы

Аурухана дәрігерлері жүгірудің адам денсаулығына пайдасы өте көп екенін айта келе, күнделікті жүгірудің 10 пайдасын ұсынды

Фото: fakty.ictv.ua

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты БМСККО Жібек жолы емдеу мекемесінің дәрігерлері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында ардагерлердің үйлеріне барып, денсаулығына зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аймақтық дәрігер Жібек жолына қарасты ардагерлер:

  • Биран Нурзияева
  • Орал Ортаева
  • Болдықыз Жүнісбекова
  • Үлмесхан Кебеева
  • Махфузахан Эшанова
  • Шырай Сүлейменова
  • Пошан Омарханов
  • Махсудхан Эшанов
  •  Мансума Әлиханова
  • Мизам Беркалиева.

«Ата-апаларымыздың үйіне барып тексеру жұмыстарын жүргізіп, қан қысымын өлшеп, көзінің давлениясын өлшеп, сахар, холестерин тексеріп. тегін дәрілерін алып барып берді», – дейді аурухана әкімшілігі.

Сондай-ақ Сарыағаш ауданына қарасты Төңкеріс ауылының ардагерлері салауатты өмір салтын ұстану мақсатында күнде таңертең сағат 05:00-де көшеге шығып жүгіріп жүр.

Осы ретте аурухана дәрігерлері жүгірудің адам денсаулығына пайдасы өте көп екенін айта келе, күнделікті жүгірудің 10 пайдасын ұсынды:

  1. Жүрегіңізді қатайтады.
  2. Көңіл-күйіңізді көтереді.
  3. Буындарыңызды қатайтады.
  4. Калорияңызды азайтасыз.
  5. Аяғыңызды әдемі етеді.
  6. Ішіңізді қатайтады.
  7. Жұмыс тәртібі күрделі адамдарға да келе береді.
  8. Төзімді қылады.
  9. Медитация секілді әсер етеді.
  10. Қалаған уақытыңызда айналыса аласыз.