Алжир елінің мемлекеттік жалауы төмен түсірілді
Іс-шараны Алжир Демократиялық Халықтық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Камал Финиш ұйымдастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мерекелік іс-шара басында Елші алжирлік қаһарман батырлардың рухына арнап құран оқыды және рухына тағзым етті. Алжир елінің мемлекеттік жалауы төмен түсіріліп, 20 тамыз оқиғасының мән-жайын сөз етті.
"Құрметті қатысушылар, 20 тамыз – Алжир революциясы тарихындағы бетбұрысты кезең саналады. Алжир өзінің даңқымен, елдің тәуелсіздігі жолында қаза болған батыр боздақтарын мақтан етеді және де қарашада салтанатты түрде атап өтіледі. Президентіміз Әбедальмаджид Тебун мырза айтқандай, Ұлттық естелік тақырыбы – қасиетті мемлекеттік ұғым. Республика Президенті Әбедальмаджид Тебун мырза аталған мұндай тарихи ұлттық іс-шаралар – тәуелсіздік жолында қаза болған батыр боздақтарымызға, даңқы әлемге тараған қараша айын өз мұрасына деген адалдықты айғақтап қана қоймай, Отанымыз үшін қызмет ету ісінде ең биік белес болуы керек екеніні айтып жүреді", – деді Алжир Демократиялық Халықтық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Камал Финиш.
Айта кетейік, 1955 жылы Константиннің солтүстігіне жасалған шабуыл БҰҰ Бас Ассамблеясының 1955 жылы қыркүйекте өткен жиналыстың күн тәртібіне қойылып, Алжир халқының дауысын биікке шығаруға мүмкіндік жасады.