Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат беру қағидалары өзгерді

Qaz365.kz редакциясы

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін 6 қаңтар күні ІІМ-нің бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

ҚР ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдіктің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат беру қағидаларына қандай өзгерістер енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда олармен көші-қон келісімдері бар елдердің азаматтары біздің елімізге ішкі құжаттармен кіре алады, шыға алады, транзитпен өте алады, жүре алады және уақытша бола алады.

Алайда, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде шетелдік паспорт қажет.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін 6 қаңтар күні ІІМ-нің бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын өзінің шетелдік паспортын ұсыну қажет.

Уақытша тұруға рұқсаттар алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет.

Өзгерістерге сәйкес рұқсатты ресімдеген кезде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуы тиіс. Осы шаралар шетелдіктерді жоқ мекенжайларға, сондай-ақ өтініш иесіне қатысы жоқ мекенжайларға тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында қабылданды.