Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана салынады

Qaz365.kz редакциясы

Осы жобалар денсаулық сақтау басқармасының дайын үлгілік жобаларын қолдану арқылы бірыңғай нысандар салынатын болады

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыста Ұлттық жоба аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының (20-дәрігерлік амбулатория, 23-фельдшерлік-акушерлік пункт, 6-медициналық пункт) құрылысы жоспарланған.

Бүгінгі таңда, 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. 13 нысанның жеңімпазы анықталып, келісім шарт түзіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталуда. 5 нысанның құрылысын жүргізетін мердігер мекемелерін анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталының конкурс нәтижесін ағымдағы жылдың 12 тамызына күтілуде.

“Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, 1 жоба (Келес ауданы, Ошақты ДА) жеке кәсіпкер есебінен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан оған қаржы қарастырылмайды. Облысымызда қажет ететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету 61 МСАК нысандарының ішінде 44 – ФАП, 17 – МП жобаларын іске асыру 2024-2026 жылдарға жоспарлануда. Қазіргі таңда, қажеттілікті жою мақсатында 2 бағытта жұмыстар жүргзілуде”, - дейді ол.

Жеке-меншік клиникасы бар ұйымға ауыл тұрғындарын тіркеу арқылы медициналық нысан салу бойынша Сауран ауданынан 1 – ФАП және 1 – МП, Келес ауданында 1 – ФАП құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ әлеуетті инвестор салған дайын ғимаратты сатып алу арқылы іске асыру аясында Қазығұрт ауданында 1 – ФАП және 1 – МП құрылысы жүргізілуде. Айта кетейік, ФАП құрылысының құны 120 995,0 млн.теңге болса, МП құрылысының құны 89 862,0 млн.теңге. 

Сонымен қатар Ордабасы ауданы, Қараспан ауылы және Келес ауданы, Қошқарата ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу жоспарланған.

Осы жобалар денсаулық сақтау басқармасының дайын үлгілік жобаларын қолдану арқылы бірыңғай нысандар салынатын болады.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана жоспарланған. Осыған орай қалада 15,63 га жер учаскесі анықталып, «TURKESTAN» арнайы экономикалық басқарушы компаниясы» АҚ-ның атына рәсімделген.

Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының жалпы 65% аяқталды (жер жұмыстары 100%, іргетас және құрылыс қаңқасы 100%, ішкі әрлеу және еден 63%, шатыр 100%, қасбет 87%, электр монтаждау және төмен вольтты жұмыстар 58%, механикалық жұмыстар 80%, сыртқы сумен жабдықтау желілері 90%, сыртқы кәріз желілері 95%). Жұмыс күшінің саны 300 адамды құрайды.