Жобаның ЖСҚ-сын мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қазан айына жоспарлануда
Түркістан қаласындағы 210 төсек орындық облыстық балалар аураханасының құрылысының жобасы да әзірленуде. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жобаның ЖСҚ-сын мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қазан айына жоспарлануда. Жобаның болжамды құны – 34 миллиард теңге.
Ал Мақтаарал ауданында 210 төсек-орындық аудандық аурухана құрылысы бойынша меморандум жасалып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның ЖСҚ-сын мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қараша айына жоспарлануда. Жобаның құны 35 млрд теңге деп болжанып отыр.
Түркістан облысында денсаулық сақтау нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 2023 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында Сарыағаш және Жетісай аудандық орталық ауруханалары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек 2023 жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы айасында Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына қарасты «Алғабас» БМСКО нысаны толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға тапсырылды.
«2024 жылға 8 денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішіндегі Кентау қалалық орталық ауруханасы, Келес аудандық «Абай» ауруханасы, Бәйдібек ауданындағы «Боралдай» БМСКО нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары басталып жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған нысандардың күрделі жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда», – деді Асхан Байдуәлиев.
Оның айтуынаша, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында Сайрам аудандық орталық ауруханасы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынған. Мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурысын жариялауға өтінім беріліп, республикалық бюджетке ұсынылды.
«Ал қалған 4 жобаның, яғни «Облыстық балалар ауруханасы», «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасы, «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы, «Созақ аудандық орталық ауруханасысын» жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынғанына қарай, конкурысы жарияланып, 2025 жылға өтпелі жобалар болып іске асырылатын болады», - деп сендірді басқарма басшысы.