Түркістанда «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды

Qaz365.kz редакциясы

15 мамырдағы №169 н/қ «№3 облыстық перинаталдық орталығында катамнез кабинетін ұйымдастыру туралы» бұйрығы бекітілген

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында өңір бойынша перинаталдық орталықтарында «Ұрықты қорғау орталығы» ашылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Биылғы жылдың 1 маусымында №2 облыстық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылып, бүгінгі таңда 60 жүкті әйел тексеруден өтті. Басқарманың 28 мамырдағы №185 н/қ бұйрығымен бұйрығы бекітіліп, іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар «Түркістан облысында фертильді жастағы әйелдерге медициналық көмек көрсетуді жетілдіру туралы» бұйрығына сәйкес іс-шаралар атқарылуда», - дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, барлық медициналық ұйымдар басқарманың 23 қаңтардағы №34 н/қ «Жүкті, босанатын және босанған әйелдердегі күрделі жағдайларды ескерту схемасы туралы» бұйрығымен жұмыс істеп жатыр.

«16 маусымнан бастап облыстың 10 акушер-гинеколог дәрігері Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына біліктілігін арттырды», - дейді басқарма басшысы.

30 сәуірдегі басқарманың №152 н/қ «№3 облыстық перинаталдық орталығында неонаталды хирургиялық төсек-орын ашу туралы» бұйрығымен орталықта 2 жаңа туған нәрестелерге арналған хирургиялық төсек-орын ұйымдастырылған,

«15 мамырдағы №169 н/қ «№3 облыстық перинаталдық орталығында катамнез кабинетін ұйымдастыру туралы» бұйрығы бекітіліп, кабинет сертификатталған неонатолог маманымен қамтамасыз етілді. Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу және патронаждың универсалды - прогрессивті моделі» қызметтеріне жауапты облыстық штаттан тыс бас мамандары тағайындалып, барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында 22 мамыр 5 маусым аралығында семинар-тренинг жүргізілді», - дейді Асхан Байдуәлиев.