Медициналық ұйымдардағы Кредиторлық берешекті қысқарту және жою апта сайынғы және ай сайынғы бақылауда
16 маусымнан бастап Түркістан облысының 22 неонатолог және педиатр дәрігерлері Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына біліктілігін арттырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтуынша, облыстық балалар ауруханасының базасында балалар кардиохирургиясының өңірлік орталығын ашу жоспарланып отыр.
Басқармаға қарасты медициналық ұйымдарда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша сегіз медициналық ұйымда кредиторлық берешек 3260,5 миллион теңгені құраған.
«Қазіргі таңға, кредиторлық берешекпен шыққан медициналық ұйымдарға біліктілігі жоғары мамандармен жұмыс тобы құрылып, мониторинг жасалып 2 728,4 миллион теңге қарыздар жабылды, 532,2 миллион теңге қалды.(Отырар ауруханасы 241,9 миллион, Түркістан ауруханасы 112,9 миллион, Кентау ауруханасы 170,7 миллион теңге)», – дейді Асхан Байдуәлиев.
Медициналық ұйымдардағы Кредиторлық берешекті қысқарту және жою апта сайынғы және ай сайынғы бақылауда.
Кадр тапшылығы және мамандардың біліктілігін арттыру бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Денсаулық сақтау басқармасы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасымен бірлесіп 2022 жылы «Jumys SmartNation» АЖ арқылы денсаулық сақтау ұйымдарындағы бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру әзірленіп, сыналды. 2023 жылдың басынан бастап медициналық ұйымдар орта медицина қызметкерлерін жұмысқа орналастыру кезінде осы "Jumys SmartNation" АЖ-не толық ауысуды және іске қосу жоспарланған болатын. Алайда,бүгінгі таңға дейін цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасымен белгісіз себептермен тоқтатылып тұр. Жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру», – дейді басқарма басшысы.