Журналистерді аккредиттеу күшейтілмек: сарапшылардың пікірі неге ескерілмейді

Qaz365.kz редакциясы

Журналистердің жұмысын қиындататын одан да көп ережелер талабын медиасарапшылар жинақтап, министрліктерге өткізген

Фото: istockphoto.com

Медиасарапшылар журналистердің жұмысына байланысты жаңа ережелер шығып жатқаннын айтып, ол өзгерістер қалам ұстаған қауымның жұмысына кедергі келтіреді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Аккредитацияға өтінім берген журналистерден көп құжат талап етеді екен. Әріптестер, шетелдік БАҚ-қа аккредитация берілсе, сол редакцияда жұмыс істейтін барлық журналистерге де беріледі. Ал бізде ұсынылып жатқан ережеде – БАҚ-тан тыс журналисті де жеке аккредитацияға өтініш беруге тиіс. Қазақстанда өкілдігі жоқ болса да, жалғыз жарым шетелдік БАҚ атынан жұмыс істеп жүрген журналистер, фрилансерлер бар. Болмаса бірнеше редакцияда жұмыс істейтін, сол редакцияның бірі – шетелдік БАҚ болып кездесетін жайттар бар. Бұл жағдайды ескеру керек», - деді зум арқылы өткізілген медиасарапшы, «Internews Kazakhstan» халықаралық ұйымының заңгері Ольга Диденко.

Сарапшылар аккредитация тәртібіне байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі екі құжат жобаны шығарғанын, ол құжаттарда күмәнді ережелер барын айтуда. Масс-медиа туралы заңда қабылданбаған, кәсіби орта қолдамаған кейбір ережелер сол жобада көрініп тапқан.

«Егер халықаралық нормаларға үңілсеңіз, аккредитация – журналистің құқығы ретінде кәдімгі процедура. Ал біздің елде журналистің жұмысына берілетін рұқсатқа ұқсайды. Олай болмау керек», - деп пікірін айтты «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының директоры Диана Акремова.

«Медиа қолдау» қорынан сарапшы  Гүлмира Біржанова журналистер Парламент немесе Үкіметке барғанда бір ғана БАҚ-қа материал жаза алатынын сынады. Бұл талап фрилансерлердің оң жамбасына келмейді. Сол үшін аталған ережені орынсыз деп атады.

«Аккредитация тәртібі сұрақ туғызады. Журналист оның тәртібін екі немесе одан да көп рет бұзса, тілшіні сол аккредитациядан айырады. Біз аталмыш шектеуді алып тастау керек дедік. Алайда Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдамады», - дейді ол.

Журналистердің жұмысын қиындататын одан да көп ережелер талабын медиасарапшылар жинақтап, министрліктерге өткізген. Бірақ солардың көбі қолдау таппай келеді.