20 тамызда Астанада елімізде АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті
Үкімет президенттің АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы жарлығы жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Үкімет отырысы барысында президенттің атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы жарлығы жөнінде қаулы қабылданды.
«Әлем тәжірибесі атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім екенін көрсетеді», - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
20 тамызда Астанада елімізде АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Айта кетейік, референдум күзге жоспарланған. Осы уақытқа дейін барлық облыста қоғамдық тыңдаулар өтуі тиіс.