МӘМС жүйесі – пациентпен медициналық ұйым арасындағы байланысты нығайтады
Түркістан облысына қарасты «Абай» Келес аудандық ауруханасы қызметкерлері МӘМС жүйесіне қамту бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуді бастап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Келес ауданы әкімдігінде өткен өңірлік штабтың кезекті көшпелі отырысында қаралған мәселе: тұрғындарды МӘМС жүйесіне қамту бойынша аурухана қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. МӘМС жүйесінен тыс қалған адамдардың әлеуметтік мәртебесін анықтауға қатысты мәліметтермен таныстыруда.
МӘМС жүйесі – пациентпен медициналық ұйым арасындағы байланысты нығайтады. Мысалы пациенттің төлеген жарна көлеміне қарамастан медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік береді.
Тіркелген жері бойынша емханадан ауруларды диагностикалау және емдеу, алдын алу, сауықтыру, иммундау, салауатты өмір салтын ұстану, актив, патронаж, созылмалы аурулары бар науқастардыдинамикалық (диспансерлік) бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, отбасын жоспарлау, жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді бақылау бойынша Медициналық қызметтер алуға болады.
Жоспарлы стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері, оңалту, консультациялық диагностикалық көмектер, медбикелік күтім менпаллиативтік қызметтер бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы, кез келген азамат Қазақстан аумағындағы өзі таңдаған кез келген емханадан медициналық көмек ала алады. Бастысы мекеме Қордың жеткізушісі болуы керек.
Қазір ауыл тұрғындарының алысқа, облыс орталығына бармай-ақ денсаулығын күтіп, түрлі аурулардың алдын алуға бар жағдай жасалған. Аудандық ауруханада қазіргі заманауи аппараттар, КТ, УДЗ аппараттары, зертхана заманауи аппараттарымен қамтылған. МӘМС арқылы ең күрделі оталар жасату, ең озық клиникаларда ем алу мүмкіндігі жоғары.