Вакцинаға байланысты туындаған барша сауалға жауап алу үшін, Мақтаарал аудан әкімдігінде ауданы әкімі аппарат басшысы, мектеп директорлары мен олардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Орталық аурухана басшы орынбасары, СЭББ мамандары, онколог, гинеколог, иммунолог мамандарының қатысуымен жиын өтті
Биыл қыркүйек айынан бастап елімізде жаппай 11-14 жас аралығындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен Адам Папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе егіледі. Осыған орай, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарын хабардар қылу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Вакцинаға байланысты туындаған барша сауалға жауап алу үшін, Мақтаарал аудан әкімдігінде ауданы әкімі аппарат басшысы, мектеп директорлары мен олардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Орталық аурухана басшы орынбасары, СЭББ мамандары, онколог, гинеколог, иммунолог мамандарының қатысуымен жиын өтті. Мақтаарал аудандық Атакент ауруханасының мамандарыжиында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, вакцинаның тиімділігі жайында айтып берді.
Айта кетейік, жалпы Адам Папиллома вирусы (АПВ) дүниежүзі бойынша өте кең таралған шырышты қабаттар ментеріге әсер ететін вирустардың жалпы атауы. Оның 200-ге жуық түрі белгілі. Вирустың 13-түрі обырдың дамуына әсер етсе, жоғары қауіпті 16 және 18 АПВ типтері жатыр мойны обырын тудырады.
Ал осы салынғалы отырған АПВ-ға қарсы вакцинаның онкологиялық аурулардың, әсіресе жатыр мойны обыры ауруының алдын-алуда тигізер әсері мол. Алдағы қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде тегін жүргізілетін вакцинацияны ата-аналардың өтініштерімен тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болатындығын ескертеміз!
Еске салайық, вакцина міндетті түрде тек ата-аналарының, немесе қамқоршысының келісімімен жүргізіледі.