Атакент ауруханасында «Адам папиллома вирусы» бойынша семинар өтті

Qaz365.kz редакциясы

Қолданылатын төрт валентті вакцинаға әлемнің жүздеген астам елі тәжірибеден өткізген

Мақтарал ауданы Атакент ауруханасында «Адам папиллома вирусы» тақырыбында медицина қызметкерлеріне семинар жүргізілді, депхабарлайды Qaz365.kz.

Өздеріңізге белгілі 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11-жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы жаппай екпе салу жұмыстары басталады. Ең алдымен АПВ несімен қауіпті және алдын алудың маңыздылығына тоқталып өтсек. АПВ-ға қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың 82% құрайтын жатыр мойны обырының алдын алу. ДДҰ АПВ вакциналарын барлық ұлттық иммундау бағдарламасына енгізуді және 2030 жылға қарай 15 жасқа толғанға дейін барлық қыздардың 90% вакцинациямен қамтылу қажеттігін ұсынады.

Жатыр мойны обыры (ЖМО) жылына 340 000 нанастам әйелдің өмірін қиятын, әлемдегі ең көптаралған, өлім-жітім бойынша 4-ші онкологиялықауру. Қазақстан Республикасында ЖМО әйелдердегібарлық қатерлі ісіктердің ішінде 2-ші орында тұр. Елімізде жыл сайын 1600 жағдай анықталса, 500 әйелосы патологиядан қайтыс болады. Бұл дегенімізкүніне 2 әйел көз жұмады деген сөз.

Ал 2022 жылы Түркістан облысында сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 5,2 құрады. (2020жылы 6,3). ҚР ДСМ АПВ ға қарсы вакцинаны жалпыұлттық енгізуді жоспарлап отыр. Иммундауды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді. Балаларды вакцинациялау ата-аналарының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Елімізде жасөспірімдерді мектепте вакцинациялауды енгізу тәжірибесі ҚР ДСМ және Білім министрілігі арасындағы ынтымақтастықты көрсетті. Ата-аналардың көпшілігі мектептер девакцина алуды қолдайды.

Вакцинаны енгізудегі үлкен мақсаттың бірі елімізде жатыр мойын обырымен сырқаттанудың, сондай-ақадам папилломасы вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. Қолданылатын төрт валентті вакцинаға әлемнің жүздеген астам елі тәжірибеден өткізген, ДДҰ тарапынан мақұлдаған денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз екпе болып табылады.