МӘМС арқылы қандай медициналық көмекті тегін алуға болады?

Qaz365.kz редакциясы

МӘМС жүйесі науқаспен медициналық ұйым арасындағы байланысты нығайтады

Түркістан облысы Келес аудандық «Абай» ауруханасында МӘМС жүйесін қамту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Келес ауданы әкімдігінде өткен өңірлік штабтың кезекті көшпелі отырысында тұрғындарды МӘМС жүйесіне қамту бойынша аурухана қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуді. Одан бөлек, МӘМС жүйесінен тыс қалған адамдардың әлеуметтік мәртебесін анықтауға қатысты мәліметтермен таныстыруда.

МӘМС жүйесі науқаспен медициналық ұйым арасындағы байланысты нығайтады. Мысалы науқастың төлеген жарна көлеміне қарамастан медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік береді. Оның ішінде тіркелген жері бойынша емханадан ауруларды диагностикалау және емдеу, алдын алу, сауықтыру, иммундау, салауатты өмір салтын ұстану, актив, патронаж бойынша қызметтер алуға болады. Сонымен қатар, созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, отбасын жоспарлау, жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді бақылау бойынша медициналық қызметтер алуға болады.

Бұдан бөлек, жоспарлы стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері, оңалту, консультациялық диагностикалық көмектер, медбикелік күтім мен паллиативтік қызметтер бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы кез келген азамат Қазақстан аумағындағы өзі таңдаған кез келген емханадан медициналық көмек ала алады. Қазыр ауыл тұрғындарының алысқа облыс орталығына бармай-ақ денсаулығын күтіп, түрлі аурулардың алдын алуға бар жағдай жасалған. Бүгінде аудандық ауруханаларда КТ, УДЗ аппараттары және зертханалық заманауи аппараттармен қамтылған.