Акцияның негізгі мақсаты – қызметкерлер аудан тұрғындары арасында донорлықты насихаттау
Түркістан облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен «Ерікті донор күні» акциясы басталды. Аталған іс-шараға «Мырзакент» аудандық ауруханасының басшы құрамынан бастап, қызметкерлері және аудан тұрғындары қан тапсыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Акцияның негізгі мақсаты – қызметкерлер аудан тұрғындары арасында донорлықты насихаттау, донорлық қан мен оның компоненттерінің қорларын ұлғайту, сондай-ақ қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді жәрдемдесу. Бұл акция бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және әлеуметтік жауапкершілікті қызметкерлердің қоғам өміріне белсенді қатысуын растайтын жақсы дәстүрге айналды. Донор – өз қанын, онымен бірге науқасқа – денсаулық, өлім аузындағы адамға – өмір сыйлайтын адам. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 165-бабына сәйкес, 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам донор бола алады.
ҚР ДСМ бұйрығы негізінде донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаты болған кезде ғана жүзеге асырылады. 18 жасқа толған тұлғалар донор болуы мүмкін. Донордың салмағы кемінде 55 кг болуы тиіс. Донациялау күндері және қан және оның компоненттерін тапсыру күнінен бір күн бұрын донорларға майлы, қуырылған, ащы, сүрленген тағамдар, сүт өнімдерін жеу, процедураға дейін екі тәулік бұрын ішімдік ішуге болмайды. Одан бөлек, процедураға дейін үш тәулік бұрын аспирин, анальгин, құрамында анальгетиктер бар басқа да препараттарды қабылдау және процедураға дейін кемінде бір сағат бұрын темекі шегу ұсынылмайды.