Танымал айтыскер ақынның арнауы Өзбекстанның Тәуелсіздік күнінде шырқалды

Qaz365.kz редакциясы

31 тамыз – Өзбекстанның тәуелсіздік күні

Фото: ашық дереккөзден

Бір кездері Ринат Зайытовпен тең дәрежеде айтысып аты шыққан, қазақстандық жас айтыскер ақын Бек Шмат Өзбекстанның Олимпиада ойындарындағы жетістігіне арнап ән шығарған еді. Бұл ән кеше Өзбекстанның тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шарада шырқалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

31 тамыз – Өзбекстанның Тәуелсіздік күні. Бауырлас елді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын.

Айтыскер ақын соңғы кездері спорттық жарыстар, футбол матчтарына арнау шығарып жүр. Оның Өзбекстанның Париж Олимпиадасындағы жетістігі туралы арнауы көрші елдің басты мерекесінде шырқалды. 

«Бір минуттық еңбегімді бір елдің тәуелсіздік мейрамында сахнада шырқатқан барша Өзбекстан халқына, президенті Шавкат Мирзиёевке алғысым шексіз. Мерекелеріңіз құтты болсын», - деп жазды Бек Шмат. 

Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алды. Бейресми жалпы командалық есепте 13-орын алды.