АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады
АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшысының орынбасары Даурен Рыскелдиев мәлімдеді. Оның айтуынша АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы.
«АИТВ-жұқпасы - адамның иммунитет тапшылығы вирусының лимфоциттерде, макрофагтарда және жүйке тінінің жасушаларында ұзақ жылдар сақталуының нәтижесінде дамитын, иммундық жүйені зақымдайтын жұқпалы ауру. Ауру біртіндеп басталады. Алғашқы уақытта ауру тұмауға ұқсас белгілерден басталуы мүмкін, сонымен бірге дене қызуының көтерілуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы да мүмкін. АИТВ-инфекциясының 4 клиникалық сатысы бар, бастапқы екі сатысы симптомсыз ағыммен және ұзақ сақталатын лимфоаденопатиямен сиппатталса, 3-4 сатыда басқа да әртүрлі симптомдар мен синдромдар асқына бастайды, соның ішінде тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялары, әр-түрлі дерматиттер, ауыр бактериялдық инфекциялар, герпес, пневмония, туберкулез, капоши саркомасы және басқалары бар. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың негізгі жолдары – бұл жыныстық қатынас, инъекциялық есірткіні пайдалану кезінде стерильді емес құралдарды ортақ пайдалану және АИТВ жұқтырған анадан балаға, яғн жүктілік уақытында, босану кезінде және емізу кезінде ана сүті арқылы жұғуы мүмкін. Жұқтырудың басқа жолдары жоқ, сондықтан АИТВ-ны ауа-тамшылы жолы арқылы, қол алысу кезінде, ортақ ыдысты пайдалануда, бассейнде, саунада, жәндіктердің шағуы кезінде, тамақ, жемістер арқылы жұқтыру мүмкін емес»,- дейді дәрігер.