Түркістан облысында сүндеттеу қайырымдылық акциясының қорытындысы жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Сүндеттелген балалардың ата-аналары ризашылылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты

Фото: Pixabay

Түркістан облысына қарасты аудан, қала аймақтарда алаларды тегін сүндеттеу қайырымдылық акциясының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мысалы, тегін сүндеттеу қайырымдылық акциясы – облыс орталығындағы Түркістан қалалық балалар ауруханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Акция барысында көп балалы, жалғыз басты және аз қамтылған отбасылар санатына жататын қала және облыс аумағында тұратын тұрғындардың 70 баласы тегін сүндеттетілді. Сонымен қатар әрбір сүндеттетілген балаға ойыншық сыйлықтар тегін таратылып берілді.

Сол секілді Төлеби ауданында 50 бала, Түркістан қалалық емханасында 110 бала, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында 106, Мақтаарал ауданындағы Атакент ауруханасында 107 бала, Арыс аудандық ауруханасында 92 бала, Сайрам аудандық орталық ауруханасында, Кентау қалалық емханасында 58 бала, Созақ аудандық орталық ауруханасында 153 бала, Келес аудандық ауруханасында 100 бала, Шардара аудандық орталық ауруханасында 150, Отырар аудандық орталық ауруханасында 65 бала, Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 89, Түркістан Қалалық Балалар ауруханасында 70, Жетісай аудандық орталық ауруханасында 96, Сарыағаш аудандық ауруханасында 150, Қазығұрт аудандық ауруханасында 160, Түркістан облыстық балалар ауруханасында 35, Түлкібас аудандық ауруханасында 35 бала сүндеттелді.

Сүндеттелген балалардың ата-аналары ризашылылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. 

«Көп ата-ана сұндеттелгеннен кейінгі жазылу ол кескенге байланысты деп ойлайды. Лазермен кесті ме,пышақпен кесті ме маңызды емес. Ол көбіне мүшенің басының ашық не жабық болуына байланысты. Егер мүшенің басы ашық болса, ол немен кессе де 5-7 күнде жазылып кетеді. Егер мүшенің басы жабық болған болса, фимоз, алдында қабыну болса, ондай жағдайда жазылу процессі 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Себебі ол жерде қабыну болады. Егер баланың мүшесі жабық болса, бірден екі апта жазылу процессі жүретініне ата-ана дайын болуы керек. Қандай әдіспен сүндеттелсе де балаларға екі аптаға дейін күтім жасау қажет», – дейді дәрігерлер.