Тоғыз қызы бар полицей желі жұлдызына айналды

Qaz365.kz редакциясы

Алматы қаласында танысқан жұбайы балаларын тәрбиелеуге белсене атсалысуда

Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биыл мереке 8 қыркүйекке тұспа-тұс келген. Осы ретте тоғыз қыз тәрбиелеп отырған Алматы облысы Балқаш аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, майор Азамат Әбдірахманов айтпақшымыз, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Азамат Әбдірахманов қызметтік міндетін адал атқарып жүрген кәсіби маман ғана емес, тоғыз қыздың бақытты әкесі. Азамат полицияға 2008 жылы келді, сол жылы оның тұңғыш қызы Ақнұр жарық дүние есігін ашты. Ақнұр да әкесі сияқты полицияда жұмыс істегісі келеді. Азаматтың жұбайы – Жазира балаларын тәрбиелеп, жолдасына қолдау көрсетіп отыр», – деп жазылған Алматы облыстық полиция басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Алматы қаласында танысқан Азаматтың жұбайы Жазира балаларын тәрбиелеуге белсене атсалысуда. Күйеуінің жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, отбасы бірлігі берік. Сүйіспеншілік пен қолдаудың ортасында өскен қыздардың әрқайсысының өзіндік хоббиі мен таланты бар. Мысалы, ортаншы қыздардың бірі Гүлнұр сурет салуға әуес, сирек кездесетін дарыны бар – ол көргені мен есте қалғанының бәрін қағаз бетіне түсіре алады. Тіпті ауызша сипаттаудан да Гүлнұр адамдардың нақты портреттерін сала алады.

Қыздарының кенжесі Даяна қазір небәрі 10 айлық. Сонымен қатар, отбасында егіз балалар да бар – өткен жазда бірінші туған күндерін атап өткен Адина мен Медина. Қалған қыздарының да ата-анасы бірлесіп таңдаған әдемі есімдері бар: Кәусар, Жасмин, Айару және Томирис.

«Әбдрахмановтар көпбалалы отбасының қалай табысты әрі бақытты бола алатындығының мысалы. Қызметтік міндеттеріне қарамастан Азамат өзінің әрбір қызына уақыт табады. Отбасы қыздарының болашағын жиі талқылайды, ал екі үлкені қазір әкесінің жолын қуып, полиция қызметкері болуға ниет білдіруде», – делінген желідегі жазбада.