11 қазан – Халықаралық қыздар күні

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін тағы басқа қандай атаулы мерекелер бар?!

obrazovaka.ru

Бүгін 11 қазан күні аталып өтетін дүниежүзілік үш ресми атаулы мереке бар, деп хабарлайды qaz366.kz тілшісі.

Сонымен, бүгінгі бірінші атаулы мереке – Халықаралық қыздар күні (International Day of the Girl Child). Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекені күнтізбеге енгізудегі басты мақсаты – қыздардың құқықтарын мойындау, әлемдегі барлық қыздар ұшырасатын ауыр мәселелерді шешуге көмек қолын созу.

Мереке әлі тым жас. 2012 жылы алғаш рет атап өтілді және бұл жылы ең өткір проблемаға айналып отырған балалар некесі тақырыбы қозғалған болатын.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шамамен әлемдегі әрбір төртінші қыз 18 жасқа жетпей жатып тұрмыс құрады екен. Оның ішінде үштен бір бөлігі 15 жастан бұрын бойдақтық өмірмен қош айтысады. Дамыған елдердің өзінде өмірге келетін сәбилердің 90 пайызын осы ерте тұрмыс құрған қыздар өмірге әкеліп отыр. Ерте пайда болған жүктілік сәбидің ғана емес, ананың да денсаулығына зиян тигізеді, себебі, бұл жаста қыздардың ағзалары мұндай ауыр үдерістерге дайын емес.

11 қазан – Дүниежүзілік ауырсыну күні. Ол халықты ауруды басатын және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті қажеттілігіне қалың жұртшылықтың назарын аудару мақсатында өткізіліп отыр. Бұл дата Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) және Ауырсынуды зерттеудің халықаралық қауымдастығының (IASP) бастамасымен 2004 жылдан бері тойланып келеді. Дүниежүзілік ауырсыну күнін ұйымдастыру туралы шешім 2000 жылы алғаш рет ұйымдастырылған “Еуропалық ауырсыну” апталығының нәтижесінде пайда болды. Бұл ұйымдардың өкілдері декларация жариялап, халықтың ауыртпалығын жеңілдетуді негізгі адам құқықтарының тізіміне енгізуді ұсынды.

Бүгін сондай-ақ, Дүниежүзілік семіздікпен күресу күні. Бұл мәселе фастфудты тұтынудың артуына және отырықшы өмір салтына байланысты өзектілігін жоғалтпайды. Семіздік көптеген аурулардың себебі болып табылады. Ең сорақысы, артық салмақпен ауыратын жасөспірімдер көбейіп кетті. Сонау 1997 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы семіздіктің жаһандық індетке айналғанын мойындады.