Қазақстанда сақтандырудың жаңа түрі енгізілмек

Qaz365.kz редакциясы

Құжат Мәжілісте қаралып жатыр

Фото: Qaz365.kz

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев Қазақстанда үйді міндетті түрді сақтандыру нормасын енгізу қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасы бойынша «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына тұрғын үйді міндетті түрде сақтандыру нормасын енгізуді қарастырып жатырмыз. Құжат Мәжілісте қаралып жатыр”, – деді Ерлан Төрегелдиев.

Оның айтуынша, министрлік 2028 жылға дейін сақтандырудың осы түрін толық енгіземіз деп жоспарлап отыр.

“Қазір заң аясында алдымен (міндетті сақтандыруды) жұрт көп жиналатын нысандар мен көпқабатты ғимараттарға енгіземіз. Заң күшіне енсе, (сақтандыруды) басқа нысандарға біртіндеп енгіземіз”, – деді төраға орынбасары.