Әлемге танымал Илон Масктың анасы Алматыға келеді

Qaz365.kz редакциясы

Мей Маск Алматыға келеді

Фото: instagram.com/mayemusk

17 қазанда Алматыда өтетін Ортаазиялық "BeWoman" атты әйелдер форумына Илон Масктың анасы, диетолог, модель Мей Маск қатысады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мей Маск форумда денсаулық, тамақтану, гендерлік теңдік тақырыптарында сөз қозғайды.

Сонымен қатар форумға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен 2700-ден астам адам қатысады.