«Тілді өз бетімізше үйрендік»: Астанаға Жапониядан келген меймандар қазақша сөйлеп, таңғалдырды

Qaz365.kz редакциясы

Ол ерлі-зайыпты жапон отбасын Астанада кездестіріп қалған

Видеодан скриншоттар

Әлеуметтік желіге жапондардың видеосын Смағұл Жұмаділұлы жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ерлі-зайыпты жапон отбасын Астанада кездестіріп қалған.

«Сіздерден қайдан келдіңізде?» деп сұрайды видео авторы. «Біз Жапониядан келдік» деп жауап береді олар. «Менің жолдасым да жапон» дейді жапон әйел.

Меймандар Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұнататынын айтып өтеді.

«Қазақшаны Жапонияда өз бетімізше үйреніп алдық», - дейді олар.