Осының құрметіне ауылда салтанатты шара өтті
Алматы облысында екі елді мекеннің атауы өзгертілді. Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осының құрметіне ауылда салтанатты шара өтті. Қызыл лентаны қию құқығы құрметті қонақтарға тапсырылды. Ашылу салтанатына қатысқан тұрғындар бұл шешімге риза болды. Олар мұны Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және танымал ету жолындағы маңызды қадам деп санайды.
Сонымен қатар бұл күні Комсомол ауылының аты Жайнақ болып өзгертілді.
«Казцик ауылының атауы да Комсомол ауылы секілді өзгерді. Бұл бәріміз үшін маңызды оқиға. Асқар Тоқпанов сынды біртуар тұлғаның есімін біздің елді мекенге қойғандары дұрыс деп ойлаймын», – дейді Тоқпанов ауылының тұрғыны Ғалия Сағымбекова.