Науқас облыстық балалар ауруханасының нейрохирургіне жүгініп, балалар нейрохирургиялық бөлімшесіне жедел жатқызылды
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар ауруханасында 9 жастағы балаға күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургтары «Бас миының эхинококкозы. Көп камералы эхинококк кисталар» диагнозымен 9 жастағы пациентке ота жасады.
Жасөспірімнің ауырғанына шамамен 3 ай болған, бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің нашарлауы байқалған. Мидың МРТ сканерлеуінен де мидың көлемді көп камералы цистикалық түзілуі анықталды.
Науқас облыстық балалар ауруханасының нейрохирургіне жүгініп, балалар нейрохирургиялық бөлімшесіне жедел жатқызылды. Бас миының эхинококкозына шалдыққан науқасқа 3 қыркүйекте ота жасалып, көп камералы эхинококк кистасы алынып тасталды. Оң жақтағы төбе мен шүйдесіне сүйек-пластикалық трепанациясы жасалды. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды.