Блогер сауалнама жүргізу арқылы төрт балалы ананы іздейді
Тик-ток желісінде Артем есімді блогер көпбалалы ананы қуантты. Оның төрт баласы бар анаға қарапайым гүл мен ақша сыйлаған видеосы көп қаралым жинап, оқырмандардың ризашылығын тудырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Блогер сауалнама жүргізу арқылы төрт балалы ананы іздейді. Соңында көпбалалы ананы жолықтырып, оған гүл шоғын сыйлайды. Сонымен бірге балаларымен қыдырып, оларды мәз қылу үшін ішінде және 40 мың теңгесі бар конверт барын айтады. Мұндай тосынсыйға риза болған ана алғысын жаудырды.
«Мәссаған! Бұл шынымен бе? Көп рақмет! Болашақ аналарға әйел бақытын, денсаулық тілеймін! Барлық әйел бақытты болсын!» деген көпбалалы ананың жүзі қуаныштан бал-бұл жанды.
«Ал балаларға қандай кеңес берер едіңіз?» деген блогер сауалына «балалар телефон ұстамаса» деп тілеймін деді.
Тосынсыйға қатты қуанған ананың шынайы эмоциясы желі қолданушыларын тамсандыруда:
«Сыйлық өз иесін тапты. Осы кісі үшін мәз болып отырмын».
«Ол шынайы қуанды», «Қандай тамаша жан! Мейірімді екен. Ол өте жақсы кеңес айтты».
«Гүл мен сыйлық үшін шын қуанған әйелді бірінші рет көріп тұрмын. Аналарымызды осылай қуанта беріңіздер! Ананың эмоциясының өзі қаншама адамды қуантты» - деп жазады оқырмандар.