Қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі
Астанада кезекте тұрған азаматтардан «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына өтінімдер қабылдау жуырда басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Өтініштер birge.astana.kz. порталында қабылданады.
Тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Нысандар Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы ауданында; Нұрғиса Тілендиев даңғылы; Астана-Қарағанды тас жолы ауданында орналасқан.
Қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасы құрамы ескеріледі.
Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдағы кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.
Толық ақпаратты Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан білуге болады.