Белгілі алаштанушы ғалым Ғарифолла Әнес өмірден өтті

Qaz365.kz редакциясы

Ғарифолла Әнес 1957 жылы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында туған

Қазақ үні

Тілші-ғалым, алаштанушы, публицист  Ғарифолла Әнес өмірден озды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақ ғылымы, мәдениеті орны толмас қазаға ұшырады. Алаш азаматы Ғарифолла Әнестен айрылып қалды. Бақұл бол, қайран, дос, аяулы Ғареке!» - деп жазды ф.ғ.д., профессор Қыздархан Рысберген. 

Ғарифолла Әнес 1957 жылы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында туған.
ҰҒА-ның А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Жаңалық ауылындағы) меңгерушісі. 1992 жылдан «Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының және «Арыс» баспасының құрылтайшы-президенті. 2013 жылдан «Қазақстан тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының» төрағалығын қоса атқарады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі.

Алаш арыстарының мұрасын табу, зерттеу және жариялау ісіне өз үлесін тұрақты қосып келеді. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов және Х. Досмұхамбетұлы еңбектерін құрастырып, алғысөз-соңғысөздерін жазып, бірнеше рет жарыққа шығарды.